6.06.2018, 9:41
Оқылды: 52

Орал қаласында ыстық су берілді

Орал қаласындағы үйлерге бүгіннен бастап ыстық су берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жайықжылқуат» АҚ бас директоры Мұрат Бәйменовтің айтуынша, кеше жылу-қуат орталығы газға қосылды. Соған байланысты жедел жұмыс атқарылып, газтурбиналы электр стансасын, бу қазандығын іске қосу жұмыстары жүргізілді. Кәсіпорын қалада барлығы 1184 үйді жылумен, соның ішінде 826-сын ыстық сумен қамтамасыз етеді. №2 және №7 жылу магистральдарын күрделі жөндеуге байланысты сәйкесінше 106 және 119 үй ыстық судан ажыратылған. Сонда қазір қалған 601 үйге ыстық су берілді.

«Жылу-қуат орталығының газдан ажыратылуына байланысты 437 қызметкер жартылай жұмыс күніне көшіріліп, 20 жұмыс тобы құрылған болатын. Олар күн сайын үйлерді аралап, тұрғындарға берешекті өтеу керектігін түсіндіріп, қаржыны түсіру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде тұрғындардың кәсіпорынға қарызы 670 млн-ға түсті.

Ал «Жайықжылуқуаттың» «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ға қазіргі бережағы - 680 млн теңге. Күн сайын тұрғындардан түскен 10-12 млн теңге сол мекемеге аударылуда», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Мұрат Болатұлы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ға бережағы үшін жылу-қуат орталығының 25 мамыр күні газдан ажыратылып, қала тұрғындарының ыстық сусыз қалғанын жазған болатынбыз.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале