Форумның басты мақсаты – экономиканың негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы мамандықтарын дамыту. Іс-шарада цифрландыру, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, өнеркәсіп пен энергетика салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланады. Форумға 300-ден астам бизнес өкілі қатысады. Сондай-ақ, коммерциялық келісімдерге қол қою жоспарлануда.

11-12 қараша күндері Қазақстан-Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді. Оған екі елдің үкімет басшылары, қазақстандық және ресейлік жетекші компаниялар, инвесторлар, сарапшылар мен өзге де қоғам белсенділері қатысады.
Аталған іс-шара «Жұмысшы мамандықтар - ел экономикасын ілгерілететін күш» идеясы төңірегінде өрбиді. Форум аясында бірнеше тақырыптық сессия өтеді. Онда жұмысшы мамандықтарының өнеркәсіп саласының түрлі бағыттарын дамытудағы, жаңа технологияларды енгізудегі, Қазақстан мен Ресейдің ірі өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асырудағы рөлі мен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тигізетін әсері жайлы мәселелер талқыланады.
Сондай-ақ, Форум аясында Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің X отырысы, жастар мен еріктілер форумы, байланыс биржасы және колледждер мен кәсіпорындардың ынтымақтастық көрмесі өтеді.
B2B форматындағы кездесулердің нәтижесінде, қос елдің бизнес өкілдері ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша екіжақты құжаттарға қол қояды.
Форум жылдар бойы Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік органдары, бизнес өкілдері мен сарапшылар арасындағы басты пікірталас алаңына айналды. Бұл шара екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды күшейтіп, шекара маңындағы өңірлерде ортақ жобалаларды жүзеге асыруға ықпал етеді.
Медиа саласы өкілдерінің барлығы https://kazakhstan-russia-forum.kz/ сайтында тіркелуі қажет.
Тіркеу процесі 10 қараша күні, сағат 11:00-де аяқталады.
Аккредитацияға қатысты барлық сұрақтар бойынша 8775 777 0420 (Карина Наурзалина) нөміріне хабарласуларыңызға болады.
Форум туралы толық ақпарат www.kazakhstan-russia-forum.kz сайтында жарияланған.