«Жайықжылуэнерго» АҚ 2025 жылдың 21 сәуірі мен 10 қыркүйегі аралығында жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетінін хабарлайды. Осыған байланысты ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігі өздерінің Facebook парақшасына жазды

Сурет: facebook.com
Ыстық су тоқтатылатын мекенжайлар:
Жөндеу аясында ұзындығы 541 метр болатын жылу трассасының 2Д273 мм және 2Д219 мм құбырлары ауыстырылады. Бұл жұмыстар 2025–2026 жылғы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық мақсатында жүзеге асырылады екен.