6.08.2025, 11:30
Оқылды: 377

Орал қаласындағы Жайық өзенін жүзіп өтпек болған азамат дер кезінде құтқарылды

Шұғыл қызметтерге әйел адам хабарласып, ер адамның өзенді жүзіп өтпек болып жатқаны туралы хабарлады, - деп жазады Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі.

мчс

Сурет бейнежазбадан алынды 

Құтқарушылар келген кезде азамат судан шығудан бас тартып, құтқарушылардың қайығына отыруға қарсыласқан. Мамандармен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде азамат сабасына түсіп, өз өміріне қауіп төндірмей су бетіне шығарылды.
Құтқару операциясы сәтті аяқталған соң, азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Осы орайда ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, өз өмірлеріне немқұрайлы қарамауға шақырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале