7.04.2025, 17:15
Оқылды: 538

Орал қаласының әкімі тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткізбек

9 сәуірден бастап Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов әр аудан тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткізеді. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігі өздерінің Facebook парақшасына жазды.
WhatsApp Image 2025-04-07 at 17.35.11
Сурет: facebook.com
Кездесу кезінде шаһар басшысымен қаланың даму перспективаларын бірге талқылап, толғандырған сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.
Жалпы қала аумағында 19 орында осындай кездесулер жоспарланған. Алғашқысы - 9 сәуір күні сағат 16:00-де Зачаган кентіндегі №20 мектеп жанындағы скверде өтеді. Әр кездесудің өтетін орны мен уақыты осы парақшада алдын ала жарияланады.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале