9.06.2017, 15:45
Оқылды: 48

Орал қаласының бюджеті көлемі нақтыланды

Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс ХІІ сессиясында қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова 2017 жылға арналған Орал қаласының бюджетін 3 млрд. 566 млн. 991 мың теңгеге нақтылауды ұсынды.


Оның айтуынша, аталған сома республиалық бюджеттен бөлінген 1 370 152 мың теңге, облыстық бюджеттен аударылған 1 859 839 мың теңге көлеміндегі трансферт есебінен және қалалық бюджет кірісінен құралған. Альмира Төлегенова Зашаған кентіндегі (№6 және 39 ДАҚ) екі тұрғын үйдің құрылысын бастауға қаражат республикалық бюджеттен бөлінгенін хабарлады. Ал облыстық бюжеттен қарастырылған қаражат жол-көпір шаруашылығын күтімге алуға, аялдама павильондарын орнатуға, көпқабатты үйлердің аулалардың аумағын абаттандыруға жұмсалады. Сондай-ақ Желаев ауылындағы Трудовой және Агрегатный көшелерін күрделі жөндеуге 56 038 мың теңге бөлінген. Зашағандағы тұрғын үй құрылысын (№ 1) бастауға 106 675 мың теңге және мал қорымын бастауға 37 197 мың теңге берілген. Шаһар көшелерін жөндеу үшін 45 500 мың теңгеге 39 жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалады.

Оралдағы №8 «Сказка» балабақшасының ғимараты 195 млн. теңгеге жөнделеді. Әлеуметтік сала бойынша «Жастар тәжірибесін» ұйымдастыруға 68 070 мың теңге, жұмысшы мамандарды даярлау үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 113 624 мың теңге бөлінген. Қалалық бюджеттен жұмсалатын қаржыға 6 саябақты абаттандыру үшін ЖСҚ дайындалады, велотұрақтар орнатылады, Деркөл кентіндегі ПДП-1 ықшамауданының автожолы жөнделеді.

Ұсынылған өзгертулер мен толықтырулар есебінен қалалық бюджет көлемі 30 395 780 мың теңгеге нақтыланды. Сессияда депутаттардың бірауыздан дауыс беруімен қалалық бюджетті нақтылау туралы шешімнің жобасы күшіне енді.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале