13.06.2023, 20:12
Оқылды: 51

Орал қаласының екі тұрғыны такси жүргізушісін тонаған

БҚО ПД кезекші бөліміне “Яндекс” қызметінің такси жүргізушісі хабарласады. Оның айтуынша, түнгі сағат 02:00-де Яндекс go қосымшасын қолданушы Орал қаласының “Орбита” саяжай қоғамына тапсырыс берген. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

WhatsApp Image 2023-06-13 at 18.05.38

Фото: видеодан скрин

Такси жүргізушісі тапсырысты қабылдап, көрсетілген мекен-жайға келген кезде оның көлігіне екі жігіт отырған. Жолай олардың біреуі такси жүргізушісімен жанжалдасып қалған. Кейін жүргізушіге көзді жасаурататын газды баллон спрейін шашып жіберіп, содан кейін олар телефонды және қолда бар ақшаны алып, қылмыс орнынан қашып кетті.

Жедел іздестіру шаралары барысында 1998 жылғы және 2004 жылғы екі азамат ұсталды. Анықталғандай екеуі де жұмыссыз. Ұсталғандар өз кінәсін мойындады, ұрланған мүлік тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале