Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сурет: pixabay
«Құрметті Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Есқалиев көшесінде Сарайшық көшесінен Д.Нұрпейісова көшесіне дейінгі аралықта жол жабынын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуіне байланысты, 28 мамыр күні сағат 09:00-ден бастап, 10 шілде күні сағат 07:00-ге дейін барлық көлік түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылады.
Тұрғындар мен көлік жүргізушілерінен алдын ала жол бағытын жоспарлап, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!» - делінген хабарламада.