Бүгін Орал қаласы əкімінің орынбасары Мирболат Нұржановтың төрағалығымен қала студенттері арасында ұйымдастырылғалы отырған «ORALJASTARY» фестивалінің өту барысы жөнінде отырыс өтті. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Отырысқа жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жастар бөлімінің жетекшілері қатысып, фестиваль ережелері, іске асу кезеңдері бойынша талқылау жүргізіп, ұсыныстарын ортаға салды.
Өнер мен спорт салаларын қамтитын фестиваль Орал қаласының студенттері арасында 4-25 сәуір аралығында 11 аталым бойынша өтеді. Жүлде қоры – 2 500 000 теңге.
Қосымша ақпаратты қалалық жастармен жұмыс және ақпараттық талдау бөлімінің әлеуметтік желідегі @oraljastary парақшасынан және +7 775 252 1002 нөміріне хабарласып алуға болады.
zhaikpress.kz