21 сәуір Орал - Подстепное бағытындағы көпірді жөндеуге байланысты көпір жабылады. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Самара - Шымкент тас жолы бағытындағы М-32 автожолы бойындағы көпірге орташа жөндеу жүргізілуіп жатыр. Мердігер ұйым - «Адал Арна» ЖШС.
Орташа жөндеу аясында көпірдің қалыңдығы 5-6 см ескі асфальт төсемін фрезерлеп, жаңа асфальт жабыны төселеді. Сонымен қатар деформациялық жігін қалыпқа келтіру мен қоршауларды ауыстыру жоспарланған.
Бүгінгі таңда көпірдің 300 метр қоршауы ауыстырылған.

Осыған байланысты қоғамдық көлік бағыты өзгереді.
Қозғалыс 3-ші саяжайға бұрылыстан Подстепное ауылындағы автобус аялдамасына дейін және қала жағынан «Нұрлы жол» бекетіне дейін толығымен жабылады.
Айналма жол Меловые горки ауылы бағытындағы Орал көпірі арқылы жүзеге асырылады.
zhaikpress.kz