Баланы орталық базар маңынан учаскелік полицейлер тапқан.

Бала аман-сау, ата-анасына табысталды, деді БҚО ПД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, кеше яғни 28 желтоқсан, таңғы 9-да үйінен шығып кеткен 13 жасар ер баланың ата-анасы баласын таба алмай жатқанын айтып полицияға хабар берген.
Полиция, төтеншеліктер және еріктілер түні бойы баланы іздеген болатын.
Іздеу нәтижесінде бала тек бүгін 11:40 шамасында орталық базар аумағынан табылып отыр.
- Баланың ақыл-есі дұрыс, отбасы ешқандай есепте тұрмайды, деді полиция.
Жанат Көшкінбай,