14.12.2018, 12:32
Оқылды: 55

«Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» – «Алтын сапа-2018» сыйлығының лауреаты

Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Биылғы жылы үздік кәсіпорын атағы үшін шағын, орта және ірі бизнестен 182 үміткер сайысқа түсті. Лауреаттар «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» және «Азық-түлік тауарларын немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» деген төрт номинация бойынша анықталды.

«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымында еліміздегі шағын кәсіпкерлік субъектілері арасынан «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС «Алтын сапа-2018» сыйлығының лауреаты деп танылды.

Ал ірі кәсіпкерлік субъектілері арасынан шығысқазақстандық «СемАз» ЖШС, орта кәсіпкерлік субъектілері ішінен  «ALUGAL» ЖШС (Алматы облысы) «Алтын сапа-2018» сыйлығының лауреаты атанды.

© zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале