Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жаса, жайна, жерұйығым – Ақжайығым!» атты «Шабыт» би тобының онлайн би концерті өтті.
Онлайн би концертінің мақсаты балалардың би әлемін түсініп қабылдаудағы талғампаздығын тәрбиелеу, эстетикалық сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етудің мектептегі би өнерінің рөлі, би қажеттілігі жайында қоғамдық сананы нығайту.
Мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты «Бәйтерек» балалар аула клубының қала күніне арналған «Шабыт» би ансамблінің онлайн концертінің қаралымы да көп болды.
«Шабыт» би ансамблі 2017 жылдың қазан айында құрылған. Үйірме оқушылары көпшілік мерекелік шараларға, салтанатты жиындарға және қала, облыс, республика көлеміндегі байқауларға қатысып, өз шеберліктерін шыңдап, жүлделі орындардан көрініп келеді.
Биші қыздардан құралған «Шабыт» би ансамблі халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүр, тұрмыстық, патриоттық және достықты нығайтудағы өзге ұлт өкілдерінің билерін де репертураларына енгізген.
Концерттік бағдарламада ел назарына «Көктем», «Шашу», «Оймақ», «Өзбек», «Ұйғыр», «Қазақстан» т.б. тақырыптық билер ұсынылды.
Бағдарлама флешмобпен шымылдығын жапты.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz