Бүгін SAIGEZ.KZ сайты тәуелсіз сарапшылармен бірлесе қала әкімдерінің рейтинг кестесін жариялады. Бұл жолы қала әкімдерінің рейтингі тек сәуір айында атқарған жұмыстарымен ғана өлшенбеген. Сәуір айына тоқтала отырып, жыл басынан бері атқарған жұмыстарын есепке алып I тоқсанды қорытындылаған. Сондай-ақ төменде келтірген Елбасы сөзіне байланысты тақырыбыпты «Қаласын жақсы көретін әкімдер кімдер?» деп алған.
Жақында Мемлекет басшысы “Қала басшысы қала қожайыны болуы керек, қаланы жақсы көруі керек. Жақсы әкім таңғы сағат 5-те тұрып, орынбасарларымен және аппаратпен бірге бүкіл қаланы аралап шығады” деген кеңес айтқан болатын. Мұны “Исекешев, саған айтам, басқа қала әкімдері де құлақтарыңа құйып алыңдар” деген сипатта жеткізді. Бұл облыс орталықтарын басқарып отырған қала әкімдеріне жол сілтеу, бағдар беру еді. Алайда мемлекет басшысының бұл сөзін іліп әкетіп, нәтиже шығарғандар өте сирек болды.
Сәуір айында бірнеше облыста су тасқыны болды. Тіпті, тілсіз жау даланы ғана емес, кейбір қалаларды да баса жаздады. Ең бірінші адам қауіпсіздігі, тұтас қала қауіпсіздігі бірінші орында тұруы қажет екенін ескерсек, қала әкімдеріне артылатын жүктің салмағы ауыр.
Бұл рейтингте Алматы мен Астана секілді мегаполистердің (облыспен теңестірілетін қалалар) басшылары есепке алынбаған. Қала әкімдерінің жүйелі жұмыстары, ақпараттық белсенділігі, перспективасы және олардың жұмысы туралы негативтер мен оң бағыттағы мақалалар бағалаудың негізгі критериі ретінде қаралған. Осылайша «үздік бестік», «орта бестік» және «аутсайдер бестік» деген бағалаумен 15 қала әкімінің СӘУІР айындағы көрсеткіштері жасалған.
ҮЗДІК БЕСТІКТЕ
1. Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы, ШЫМКЕНТ қаласы
Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев бәрінен бірінші болып тұрғындармен телеарнаның тікелей эфирінде байланысқа шықты. Маңызды деген 100 сұраққ жауап беріп, алда шешілетін мәселелермен қала жұртын қуантып қойды. Биыл қалада 72 шақырым жол жөндеуден өтетінін айтты. Бүгінде Орал қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған жалпы саны 17909 адам бар екен. Биыл қалада 8-9 көпқабатты тұрғын үй салынады екен.
Сондай-ақ Нариман Төреғалиев қаланы су басу қаупі бар деп алдын ала қауіпсіздік шараларын ұйымдастырды. Өзен жағасында орналасқан 2,5 мың адамды қауіптен аман алып қалу үшін барын салды. Үйде ұстайтын жануарлары болса, оларды орналастыру үшін орын дайындады. Ешкімді далада қалдырмауға, қолдан келгенше көмек беруге уәде берді. Қысқасы, шаһар төтенше жағдайға әзір, инертті материалдар жеткілікті, техника сақадай сай болды.
Орал қаласы әкімі соңғы кездері қала тұрғындарымен байланысты нығайтты. Орал қаласының жаңа алаңында «Сүйікті қалам – Оралым» тақырыбында «КITAPFEST-2017» фестивалі өтті. Шара «Оқитын қала» жобасы аясында ұйымдастырылды. Орал қаласының әкімі белсенді оқырмандарды марапаттап, жақсы бір үрдісті бастады. Сондай-ақ Елбасының Әсет Исекешевке айтқан сөзінен кейін таңерте ерте тұрып қаланы аралауды бастаған жалғыз әкім осы Нариман Төреғалиев болды.
Еліміздегі қала әкімдерінің рейтингісі туралы толық мәліметті http://saigez.kz/?p=18489 сілтемесі арқылы біле аласыз.
zhaikpress.kz