«Болашақ» қауымдастығы кеңесі құрамының қолдауымен "Орал трасформаторлық зауыты" ЖШС Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай кезінде қиын жағдайға тап болған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға 2,5 млн.теңге қаражат бөлді.
Бұған дейін өндіріс ошағы тұрмысы төмен зауытта қызмет атқаратын жұмысшылардың отбасыларына қайырымдылық көмек көрсеткен болатын.
- Бүгін акция аясында «Болашақ» қауымдастығы және «Орал жастары» волонтерларымен 200 әлеуметтік аз қамтылған отбасыға және «Шаңырақ» жасөспірімдер үйіне көмек көрсетілді. «Шаңырақ» тәрбиеленушілеріне қашықтан оқуға қажетті теледидар сыйға тартылды, - деді БҚО бойынша "Болашақ" қауымдастығының төрайымы.
Азық-түлік себетіне бірінші қажеттіліктегі тауарлар, сондай-ақ тұрмыстық тазалағыш заттар мен жеке күтім құралдары бар.
Еске сала кетейік, жалпы алғанда «Alageum Electric» КТ-мен (құрамына Орал трансформаторлық зауыты кіреді) коронавируспен күреске 100 млн. теңге бағытталды, оның ішінде қаражат короновирус індетінің салдарларын жоюға қатысты «Birgemiz» республикалық қорына және елдің өзге өңірлеріне бөлінді.
Суреттерді түсірген Эльвира Меңдіғали
zhaikpress.kz