29.07.2025, 10:30
Оқылды: 108

Орал тұрғыны бір бөлігін көршісі өз бетінше иемденіп алған жер теліміне заңды құқығын қалпына келтіруге үш жылдан астам әрекеттенген

Көршісі басқа меншік иесінің құқығын есепке алмай, өз жер телімінің шекарасын өз еркімен белгілеген. Нақты аумақ пен мемлекеттік актіде көрсетілген деректердің сәйкес келмеуіне байланысты талап қоюшыға жер телімін келісуден бірнеше рет бас тартылған. Бұл туралы ҚР Жоғары соты жазды

WhatsApp Image 2025-07-29 at 11.30.32

Сурет: telegram.org

Талап қоюшы көршісінің жер телімін үйлестіру жөніндегі мемлекеттік органның әрекетін заңсыз деп тануын талап етіп, оның жер телімінің белгіленген шекарасын бұзғандықтан сотқа жүгінген.
Бірінші сатыдағы сот талап қоюдды қанағаттандырусыз қалдырған. Алайда апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойып, талап қоюшы жағына шықты.
Сотта анықталғандай, мемлекеттік органның талап қоюшының жер телімін келісуден бас тартуына көршісінің құқық белгілейтін құжаттарды тексермей, өз мүддесі үшін шекараларды келісу жұмыстарын жүргізген әрекеті себеп болған.

Көршісі үйлестіруді бірінші болып жүзеге асырды деп мәлімдеп, талап қоюшыдан өз жер телімінің конфигурациясын өзгертуді, оның ауданын тиімді азайтуды талап еткен.
Сот мемлекеттік органның бұл ұстанымын заңсыз деп тапты, себебі ол талап қоюшының құқығын бұзған. Мемлекеттік орган даудың мәніне үңілмей, талап қоюшының уәждерін үстірт қарастырған. Көршінің жер телімін үйлестіру ол өз бетінше анықтаған шекараларға сәйкес жүзеге асырылған. Бұл ретте оның жер телімінің нақты ені мемлекеттік актіде көрсетілген өлшемдерден асып кеткен.
Кикілжің бірнеше жылдан бері жалғасып келеді және оны тек жер телімін жаңадан үйлестіру арқылы шешуге болады. Татуласу туралы бірнеше рет ұсыныс жасағанымен, көрші ымыраға келуден бас тартқан.
Сот талап қоюшының көршісі сияқты өз жер телімін келісу құқығы бар екенін көрсетті. Дегенмен, қазіргі шекараларды қайта қараусыз мұны істеу мүмкін емес.
Көршінің жер телімін келісу заңсыз деп танылды.
Мемлекеттік органға талап қоюшының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру тапсырылды.
Апелляциялық сот алқасының қаулысы заңды күшіне енді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале