“Мой город” басылымының жазуынша, оқиға Теректі ауданы Шаған ауылында 28 мамырда болған. Ер адам “қызғаныштан” жұбайын пышақпен жарақаттаған. Әйел адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. Ерлі-зайыптының үш баласы бар. Қазір іс сотқа жіберілген.
Ер адамды қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының алқабилері соттайды. Іріктеу 16 қазанда өтеді.
Қазақстанда былтыр отбасындағы зорлық-зомбылық пен күш көрсету оқиғаларына қатысты полиция шамамен 100 мың хабар түскенін хабарлаған. 16 мыңы бойынша сот шешімі шыққан. 2023 жылы елде 100-ден астам адам отбасындағы кикілжіңнен көз жұмған.
