21.02.2025, 12:15
Оқылды: 442

Орал: Түрмеде не болып жатыр?

Әлеуметтік желіде Орал қаласындағы №28 қатаң режимдегі мекемесінде жазасын өтеп жатқандар түсірген видео тарады.

WhatsApp Image 2025-02-21 at 13.34.27

Сурет: бейнежазбадан алынды

Бейне жазбада жазасын өтеушілер өз құқықтары қорғалмай жатқанын айтып түрме қабырғасына қанмен жазба қалдырған. Олар түрме әкімшілігі арыз-шағымдарын қарамайтындығын, камера ішінде тазалықтың сақталмайтындығын айтып видео үндеу жазған. Сонымен қатар жазасын өтеушілердің бірі оларды ұрып-соғып азаптап жатқанын, егер ол өзіне қол жұмсаса бұған тек түрме әкімшілігі кінәлі болатынын айтқан.

БҚО қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі әзірге ешқандай ресми ақпарат берген жоқ.

-Аталған видеоға қатысты қазір қызметтік тексеріс басталды. Оқиғаның мән-жайы туралы кейінірек баяндаймыз,- деді БҚО қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Ал БҚО Прокуратурасы да қазір тек қызметтік тексеріс жүріп жатқанын ғана айтты.

Түрме ішіндегі видеоның қай кезде түсірілгені белгісіз. Ал видео әлеуметтік желіге кеше түнде тарады.

Осы оқиғаға қатысты ресми ақпаратты қосымша хабарлаймыз.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале