Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет: сайт архивінен
Қазір қалада кейбір бағыттағы қоғамдық көліктер халыққа кондукторсыз қызмет көрсетуді бастады. Мұндай тәжірибе еліміздегі Астана, Алматы, Шымкент секілді ірі қалаларда бар.
Осыған дейін қаладағы тасымалдаушы кәсіпорындар бірнеше рет пилоттық режимде кондукторсыз қызмет көрсетіп көрді. Қоғамдық көлікке мінген әр азамат өзі элекронды түрде немесе «Smart Qala Oral» ЖШС-і ұсынған «Avtobus» бағдарламасымен «Төлем» карталары және QR код арқылы жолақысын төлей алады. Сонымен қатар «Smart Qala Oral» ЖШС-нің бақылаушы мамандары жолаушылардың жолақыларының төлеген немесе төлемегенін, қолма-қол төлем жасаған жағдайда билет алуын аялдамалдарда тексеріп жүреді.
Пилоттық жобаның басты мақсаты - тұрғандарға сапалы қызмет көрсетіп, жолақысын автоматтардыру және қоғамдық көліктердегі мәдениеттілікті қалыптастыру. Егер «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың» 622-бабында көрсетілген «қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікті пайдалану қағидаларын бұзудың» 2-тармақшасына сәйкес, жолаушы қоғамдық көлікте жол жүргені үшін ақы төлеуден жалтарса екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Алдағы күндері полиция қызметкерлерімен бірге автобустардағы тәртіп пен жолақының төленуін қадағалау бойынша рейд жұмысы ұйымдастырылады.