13.04.2023, 12:31
Оқылды: 22

Оралда 10 күн ішінде жылдамдық режимін 139 рет бұзған жүргізушіге қанша айыппұл салынды?

Оралда 10 күн ішінде "Лада-Гранта" автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимін 139 рет бұзған. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

33b9d950-ed75-4623-9e57-732fda071c13

Жүргізушінің айыппұлы - 4 млн.теңгеге жуық.
Автокөліктің қазақстандық тіркеуі жоқ екенін пайдаланған жүргізуші жол қозғалысы ережелерін сақтамай қалада жылдамдықты барынша асырған.

Ол көлігін базада есепке алмайды және жазадан оңтайлы құтылып кетемін деп ойлаған.

БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері облыс аумағында өткізілген "Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында құқық бұзушыны анықтап, ұстады.

Белгілі болғандай, жүргізушінің көлікті жүргізуге құқығы болмаған.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, енді жүргізуші қомақты айыппұлды төлеуге мәжбүр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале