26.02.2025, 17:00
Оқылды: 184

Оралда 1,6 га игерілмеген жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Орал қаласында 1,6 га көлеміндегі пайдаланылмаған жер учаскесі анықталды. Бұл жер 2019 жылы акционерлік қоғамға автокешен салу үшін үш жыл мерзімге берілген болатын. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

WhatsApp Image 2025-02-26 at 18.01.02

Сурет: telegram.org

Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті Орал қаласы жер қатынастары бөлімінің хаты негізінде тексеру жүргізді. Нәтижесінде, Орал – Атырау автожолы бойында орналасқан жер учаскесі мақсатына сай игерілмегені және пайдаланылмағаны анықталды. Осыған байланысты компанияға бір жыл ішінде заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Алайда белгіленген мерзімге қарамастан, акционерлік қоғам құрылыс жұмыстарын бастамады.
Қабылданған шаралардан кейін жер учаскесі ерікті түрде мемлекет меншігіне қайтарылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале