14.09.2023, 12:00
Оқылды: 52

Оралда 16 жасар оқушы есірткі қойып кетумен айналысқан

Оралда синтетикалық есірткіні сату үшін жасырын орындарды ұйымдастырумен айналысқан 16 жасар оқушы ұсталды, деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.

Без названия

«Өңірдегі кешенді жоспар аясында есірткі қылмыстарына қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілді. Республика аумағында 1 маусым мен 31 қазан аралығында есірткі дақылдарын өсіретін орындарды және есірткімен айналысатын тұлғаларды анықтауға бағытталған «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында БҚО Полиция департаментінің қызметкерлерімен 94 есірткі қылмысына қатысты құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 44 қылмыс және 55 қылмыстық әрекет анықталды», дейді құқық қорғау қызметкерлері.

– «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Орал қ. ПБ қызметкерлері жасырын орындарды ұйымдастырумен айналысқан 16 жасар Орал қаласындағы мектептердің бірінде оқитын 11 сынып оқушысын қолға түсірді.

Ол қылмыс үстінде ұсталды. Жеке тінту кезінде ішінде ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған жасыл түсті изолентамен оралған екі қаптама табылып, тәркіленді. Ұялы телефонын тексеру кезінде жасыру орындарының координаттары анықталды. Оның көмегімен ішінде арнайы иісі бар ұнтақ салынған жасыл түсті изолентамен оралған 23 қаптама тәркіленді. Сараптама тексерісі бойынша тәркіленген заттың салмағы 20,18 грамм болатын синтетикалық есірткі заты екенін анықталды.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», делінген департамент мәлімдемесінде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале