8.01.2025, 20:00
Оқылды: 56

Оралда №2 кәріз-сорғы стансасы жаңартылды

Қала аумағы өсіп, халық саны да артып жатыр. Шаһардағы коммуналдық нысандардың ескіруі көбейген халықтың көңілінен шығатындай жұмыс жасамай тұрғаны көптен айтылып келеді. Әсіресе облыс орталығындағы кәріз жүйелеріне қатысты көп мәселе көтерілді. Аталған түйткілді шешу жолдарын қарастырған өңір басшылығы тиісті шараларды қолға алып, 2023 жылы 3,9 миллиадр теңге бөлініп, шаһардағы ең ірі №2 кәріз сору стансасын жаңалауды бастады.

IMG_3187

Жылдан астам уақытқа созылған жөндеу жұмысы аяқталды. 802,7 шаршы метрді алып жатқан жаңа кәріз-сорғы стансасы сағатына 3000 метр куб кәріз суын айдауға қауқарлы. Жаңатырған станса қызметі 226700 тұрғын мен 139 әлеуметтік нысанға қызмет көрсетеді.

IMG_3188

1976 жылдан бері жөндеу көрмеген станса бүгінде толықтай жұмысын бастады. «Батыс су арнасы» ЖШС бас директоры Ануар Аркеновтың айтуынша, бөлінген қаржының көп бөлігі жаңа заманғы сору және қатты қалдықты уату жабдықтарын алуға жұмсалған.

IMG_3198

– Жаңартылған кәріз-сорғы стансасына қойылған жабдықтардың құны 1,5 миллиард теңгені құрайды. Кәріз-сорғы жабдығын Швециядан, қатты қалдықты уататын жабдық Германиядан алынды. Ескі стансада төрт сорғы болған болса, жаңасын салған кезде олардың санын алтауға дейін көбейіттік. Одан бөлек бұрын болған басты проблема стансаны электр тоғымен қамтамасыз ету мәселесін де шештік. Ол үшін қосымша 2,5 мегават тоқ беруге қауқарлы дизелді генератор алдық. Станса жарықсыз қалған жағдайда автоматты түрде қосылатын генератор нысанның үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Енді бұрынғыдай амалсыздан қалаға су беруді тоқтатпаймыз,–деді Ануар Аркенов.

IMG_3195

Қазіргі таңда қала кәріз жүйесінің жұмысын қамтамасыз етіп тұрған алты сору стансасының үшеуі жөнделді. Алдағы уақытта қалған үшеуі жөнделетін болады. Үш кәріз сору стансасының жөнделгені қаладағы басты мәселелердің шешілуіне оң серпін бергенін көре аламыз. Өйткені 2019-2021 жылдар аралығында 56 мәрте стансалар 56 мәрте авариялық режимде айырылған болса, соңғы екі жылда аврариялық айыру саны 25-ке дейін төмендеген.

IMG_3196

–2023 жылы қаладағы тиісті мекемелерге кәріз сору жүйлерін жаңарту туралы тапсырма берген едім. №19, №3 және №2 КСС жөндеуді аяқтадық. Келер жылы №18, №21 кәріз сору стансасының жөндеуді аяқтаймыз. №29 КСС жұмысы алдағы уақытта басталады. Одан бөлек Дариян ауылынан Орал қаласына ауыз су жеткізуді қамтамасыз ету үшін ұңғымалар қазып жатырмыз. Ол өз кезегінде шаһарға жеткізілетін судың көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Ол үшін қалаға келетін 15 шақырым болатын резервтің құбырды салатын боламыз. Қаланың кәріз жүйелерін жаңарту және ауыз су мәселесін шешуге қатысты 6 жобаға 28 миллиард теңгеден астам қаржы жоспарладық. Бір сөзбен айтқан ауыз су мен кәріз жүйесінің мәселесін алдағы бір-екі жылда толықтай шешетін боламыз,–деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Одан бөлек өңір басшысы жылу магистралдарын жөндеу, өткен ғасырдың 60 жылдары салынған жылу электр орталықтарындағы турбогенераторларды ауыстыру жөнінде қандай жұмыстар атқарылатын да айтты.

–2026-2028 жылдар аралығында қаладағы алты энергетикалық қазандықтарды ауыстыру жөніндегі жоба дайындап жатырмыз. Жапонияның «Hitachi» компаниясымен келіскенімізді білесіздер. Бүгінде шетелдік жабдық Алматы қаласына жеткізілді. Ақпан айының соңына дейін өңірге алып келеміз. Жылыту маусымы аяқталған кезде ЖЭО ішіндегі жабдықты жөндейтін боламыз,–деді облыс әкімі.

IMG_3197

Сондай-ақ Нариман Төреғалиұлы электр энергиясына қатысты мәселелерді шешу жөніндегі мәселелер де күн тәртібінде екенін атап өтті. Ол өз сөзінде өңір басшысы алдағы жылдары тозығы жеткен қосалқы электр стансаларды жаңалап, трансформаторлар мен электр желілерінің 30 пайызын жаңартуға күш салынатынын айтты.

Облыстағы тозып тұрған электр желілерін ауыстыруға 20 миллиард теңгеден астам қаржы керек екенін көптен айтылып келеді. Ол қаржы мәселесі шешілетін болса, өңірде 2000 шақырым электр желілері жаңалауға мүмкіндік туады.

IMG_3205

– Тиісті басқармалар мен «Батыс су арнасы» ЖШС-нің алдына осындай үлкен міндеттер қойдым. Бұл жұмыстарды 2022 жылдың аяғында жоспарладық. Ол жоспарда 2035 жылға дейін атқарылатын жұмыстар тізілген. Осы кезге дейін біраз жұмыс жасалды. Бірнеше жыл бұрын құрылған жоспар ойдағыдай орындалатын болса, 2035 жылға дейін барлық мәселелерді шешетін боламыз, – деді Нариман Төреғалиұлы.

Түгелбай Бисен,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале