4.11.2020, 21:18
Оқылды: 62

Оралда 23:00-ден кейін түнгі көлік қозғалысы шектеледі

71584

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 қазандағы № 83 «Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызмет пен халықтың өмір сүру жағдайының ерекше шарттары бар шектеу шараларын қосымша шектеу шараларын енгізу» туралы қаулы

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 38, 104-баптарын басшылыққа ала отырып, Орал қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Орал қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 қазандағы №83 "Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызмет пен халықтың өмір сүру жағдайының ерекше шарттары бар шектеу шараларын қосымша шектеу шараларын енгізу" қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақтың 1.4-тармақшасы келесідей мазмұнда толықтырылсын:

1.4 Жедел жәрдем, авариялық қызметтер және басқа да арнайы органдардың автокөлігін;

Орал қаласының тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты ұйымдардың (коммуналдық қызмет) автокөлікпен, сондай-ақ кәсіпорындар/ұйымдардың түнгі ауысымдарында жұмыс жасайтын тұлғалардың автокөлікте жүруін және аса қажет болған жағдайларда (дәріханалардан дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу мақсатында шығу, шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге бару) жеке автокөліктің жүріп-тұруын қоспағанда, сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін автокөліктің жүруіне шектеу салынсын.

Жеке және заңды тұлғалар басқа да дәлелді себептер бойынша сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін автокөлікпен жүру қажет болған жағдайда «http://www.STOPCOVID.KZ» сайтында тіркелуі қажет немесе "109" телефон нөміріне өтініш хабарлама қалдыру;

1-тармақтың 1.5-тармақшасы келісідей мазмұнда толықтырылсын:

Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасына: http://www.STOPCOVID.KZ. сайтының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1-тармақтың 1.6-тармақшасы келісідей мазмұнда толықтырылсын:

Ішкі саясат басқармасы Орал қаласының әкімдігімен бірлесіп:

- БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы кеңінен ақпараттандыруды жүзеге асыру;

1-тармақтың 1.7-тармақшасы келeсідей мазмұнда толықтырылсын:

БҚО полиция департаменті енгізілген

- қосымша шектеулерді сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастырсын;

- жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда материалдарды тез арада Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілсін;

2. Осы қаулының орындалуын бақылау басқарма басшысының орынбасары Р.К Хасеноваға жүктелсін.

3. Осы қаулы 2020 жылғы 7 қарашасынан бастап заңды күшіне енеді.

Орал қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Р. Танауов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале