1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған велошеру өтті. Шеруге жалпы саны 300-ге жуық адам қатысты.
Айта кетейік, көпшілік велошеруге облыс әкімі Нариман Төреғалиев, орынбасары Бақытжан Нарымбетов, облыс әкімінің аппарат жетекшісі Абат Шыныбеков, облыстық спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров, БҚО Прокуроры Серік Шалабаев және құқық қорғау органдарының өкілдері мен спортшылар, қала тұрғындары қатысқан болатын.
Велошеруге қатысушылар 10 шақырым қашықтықта жүріп өтті. Мәреге жеткен барша велошеруге қатысушыларды аймақ басшысы құттықтады.
- Бүгін велошеруге қатысушылар саны аз екеніне қарамастан сіздер жоғары белсенділік көрсеттіңіздер. Біздің арамызда бүлдіршіндер жүргені қуантты. Біз спортты сүйетін, дені сау ұрпақтың санын көбейтуіміз керек. Біз бұқаралық спортты дамыту үшін қолдан келгенді жасайтын боламыз. Сондықтан жастарымызды спортқа баули берейік, - деді аймақ басшысы Нариман Төреғалиев.
Қатысушылар "Спорттық отбасы", "Ең жас қатысушы", "Жасы үлкен қатысушы" секілді аталымдар бойынша марапатталды.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz