3.08.2023, 20:08
Оқылды: 45

Оралда 39 жастағы ер азамат өз анасын өлтірді

3 тамыз күні түскі сағат 12:56 шамасында БҚО ПД Кезекші бөліміне Школьная көшесінде орналасқан пәтердің есік алдында үй иесінің денесінің жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
WhatsApp Image 2023-08-03 at 21.04.42
Суреттің дереккөзі: Police.kz

Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері барып, 60 жастағы әйел адамның мәйітін тапты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ізін суытпай осы іске күдікті ретінде 1984 жылғы азамат анықталып, ұсталды.

Күдікті марқұмның психоневрологиялық мекемеде есепте тұрған ұлы екені анықталды. Оқиғаның болжамды себебі отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде болған.

Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале