18.12.2025, 17:45
Оқылды: 5

Оралда 4 млн теңгеден астам қаражат бопсалады деген күдікті ұсталды

Орал қаласында 4 млн теңгеден астам қаражат бопсалады деген күдікпен азамат ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

4CD74DF1-CF41-4CBA-B9A7-20EFE03B82EA

Сурет: Polisia.kz

"Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Бұл ретте негізгі назар құқыққа қарсы әрекеттерді, оның ішінде маргиналды жастар арасындағы қылмыстарды анықтау мен жолын кесуге, сондай-ақ азаматтардан келіп түскен өтініштер мен хабарламаларға жедел ден қоюға аударылған. Жуырда Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласында өңірдің 21 жастағы тұрғынын ұстады. Ол ақша қаражатын жүйелі түрде бопсалады деген күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің бірнеше ай бойы күш қолданамын деп қорқыту арқылы облыстың 24 жастағы тұрғынынан ірі көлемде ақша бопсалағаны анықталды. Сондай-ақ ол жәбірленушіні микрокредиттер рәсімдеуге мәжбүрлеп, алынған қаражатты өз пайдасына жаратқан. Келтірілген жалпы материалдық шығын 4 миллион теңгеден асты. Анықталғандай, 11 желтоқсанда аталған азамат басқа бір қылмыстық іс бойынша 6 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталғанына қарамастан, сол күні тағы бір қылмыстық істің фигурантына айналған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция ескертеді: бопсалау — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген ауыр қылмыс.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале