10.12.2021, 10:10
Оқылды: 63

Оралда 4 жасар бала екінші қабат терезесінен құлап кетті

Оралда төрт жасар бала екінші қабат терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 9 желтоқсан күні сағат 18.30-да Ә.Кекілбаев көшесі 141-8-мекенжайында болды.

Ата-аналарының қарауынсыз қалған 4 жасар ұл бала терезден құлап кетіп, облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы (3 қызметкер, 1 техника) барды.

Алдын ала мәлімет бойынша баланың оң жақ самай тұсы көгерген, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале