Оралда полиция қызметкерлері шамамен 600-ге жуық киік мүйізін тәркіледі. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото видеодан кадр
Орал қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында «Hyundai» автокөлігін тізгіндеген жүргізушіні тоқтатады. Тексеру барысында автокөліктен 593 дана киік мүйізі табылды. Автокөлік рөлінде Атырау облысының тұрғыны болғаны анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
zhaikpress.kz