12.05.2025, 12:45
Оқылды: 774

Оралда 67 жастағы әйел 8-ші қабаттан құлап мерт болды

Оқиға Орал қаласы Зашаған кентіндегі көп қабатты үйлердің бірінде болған. Бұл фактіні БҚО полиция департаменті растады.

ПОЛИЦИЯ ЖП (жаңа)
- 5 мамыр күні 8-ші қабаттан әйел адам құлап қайтыс болды. Оқиғаның мән- жайы анықталып жатыр, -  деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ал денсаулық сақтау басқармасының баспсөз хатшысы қала тұрғыны жедел жәрдем көлігі жеткенге дейін көз жұмғандығын айтты.
- 8 қабаттан құлаған тұрғынға қатысты қоңырау жедел жәрдем станциясына сағат 16:42-де түсті. Азамат жедел жәрдем қызметі жеткенге дейін көз жұмған.
67 жасар әйелдің 8-ші қабаттан қалай құлап кеткені әзірге белгісіз. Полиция оқиғаның мән-жайын әзірге айтпай отыр.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале