Оралда 68 жастағы ер адамды көлік қағып мерт болды.
Оқиға бүгін таңғы 8:30-да болған.
- Төртінші шағын аудандағы Желаев көшесінде Toyota маркалы жеңіл көлігі 1955 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған дене жарақатынан ер азамат оқиға орнында қаза тапты. Болған іске қатысты тергеу басталды, - деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.