Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаевтың есептік кездесуі басталды.
Оның айтуынша, былтыр қала бюджеті 41,4 млрд.теңге болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда артқан.
Қаржының көп бөлігі тұрғын үй, мектеп салуға, жолды күрделі жөндеуге жұмсалған.
-Агроөнеркәсіп кешенін дамыту аграрлық саясаттың аса маңызды бағыты екені мәлім. Қазіргі таңда қалада 56 ауылшаруашылық субъектісі бар.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен ережелерге сәйкес, жалпы 174 млн.теңге субсидия бөлінді.
Қалада 8 жылыжай жұмыс жасайды. Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру мақсатында, minagro.kz сайтында электрондық алқап картасы жасалуда.
Былтыр Оралда 80-ге жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 60 жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеде 400 млн.теңге болатын 1200 тонна ауылшаруашылығы өнімі сатылды. Қазіргі нарықтық заманда азық-түліктің бағасын тұрақтандыру ең өзекті мәселе. Бұл азық-түліктің бағасын тұрақтандыруға септігін тигізді. Көпшіліктің сұрауы бойынша жәрмеңке әлі де өткізіліп тұрады,- деді қала әкімі Мұрат Рахметұлы.
суретті түсірген Темірболат Тоқмамбетов
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер