21.03.2024, 12:28
Оқылды: 6

Оралда 80 пәтердің кілті табысталды

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев Зашаған кенті Ақан сері көшесі, 47/1 үй мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Шара барысында сөз алған өңір басшысы тұрғындарды мерекемен құттықтап, су жаңа 80 пәтердің кілтін иелеріне табыстады. Пәтерлер мүгедек жандарға және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған жанұяларға «Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде беріліп отыр.

2

– Халықтың әл-ауқатын арттыру және азаматтардың жайлы тұрмысы үшін қажетті инфрақұрылым қалыптастыру мақсатында елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы жүзеге асуда. Осы тұрғын үй аталған жоба аясында салынды. Біз бірінші кезекте тұрғындардың жағдайын ойлауымыз қажет. Осы бағытта облысымызда қыруар шаруа атқарылуда. Биыл кезекте тұрған 1500 жанұяны тұрғын үймен қамтитын боламыз, – деді Нариман Төреғалиұлы.

4

Жаңа пәтер кілттерін қолына алғандар өз кезегінде осындай игі бастаманы іске асырғандарға алғыс жаудырып, ризашылығын білдірді. Содан соң облыс әкімі жаңа пәтерлерді аралап, тұрғындарға ақжарма тілегін ақтарды. Айта кетейік, тұрғын үй құрылысын «Альтаир» ЖШС жүргізген.

3

7

5

6

Марлен Ғилымхан,

Сурет авторы: Мәди Салық

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале