Бүгін Орал қаласында «Батыс Қазақстан облысы әйелдері күштерінің альянсы» ЗТБ ұйымдастырған Батыс Қазақстан облысы әйелдерінің саяси көшбасшылық мектебінің ашылуы өтті. Мектеп әйелдерді басқару және бәсекеге қабілеттілік дағдыларына үйретуге және осылайша әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытуға айтарлықтай үлес қосуға бағытталған.
Мектептің салтанатты ашылуына Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Бибігүл Қонысбаева, облыстық мәслихат депутаттары Алия Салиева мен Ляна Турсынова, «Ақжайықтың асыл арулары» ҚҚ төрайымы, «Саясаткер әйелдер клубы» ҚБ төрағасының орынбасары Мерует Берген қатысты. Ақжайықтың көшбасшы әйелдері қатысушыларды мектептің ашылуымен құттықтап, оқуда табыс тіледі.
Мектептің спикерлері мен тренерлері Жұлдыз Құспанова, Артур Сеитов, Зульфия Кубаева и Ербатыр Тылекешев сияқты танымал тұлғалар және өз саласындағы кәсіби мамандар.
Мектеп жұмысы Артур Сеитовтың Шешендік өнер тақырыбындағы тренингінен басталды. Артур болашақ көшбасшыларды сенімді және сендіріп сөйлеуге үйретеді. Сонымен қоса, қатысушыларға өз аудиториясына ақпаратты нақты және анық жеткізудің әдіс-тәсілдеріне оқытады.
Әйелдердің көшбасшылық мектебіне қатысуға 19 әйел ниет білдірген. Олардың ішінде бизнес ортаның, мемлекеттік қызмет саласының өкілдері және көп балалы аналар да бар. Тренинг барысында қатысушылар коммуникация мен стреске төзімділік, саясаткер имиджі, жеке брендті, іскерлік стиль мен имиджді қалыптастыру, SMM трендтері сияқты тақырыптарды оқиды. Тренинг соңында қатысушылар тестілеуден өтіп, әрбір қатысушы мектепті аяқтағаны туралы сертификат алады.
Альфия Шамаева,
zhaikpress.kz
Суреттерді түсірген автор