Еске салайық, қайғылы оқиға 19 сәуірде Орда көшесінде болған. Ер адам бұрынғы әйеліне 18 рет пышақ жарақатын салған. Ол ауруханаға жеткізілген, бірақ көп ұзамай қайтыс болды. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен полицейлер әйелдің бұрынғы күйеуі - Орал қалалық ТҮКШ бөлімінің қызметкері Бауыржан Хайруллинді ұстады.
Оралда әйелді өлтірген экс-шенеунік ісі: оқиғаның мән-жайы айтылды
Марқұм Айнагүл Хайруллинаның әпкесінің айтуынша, ерлі-зайыптылар ресми түрде ажырасқанына қарамастан, ер адам бұрынғы әйелін мазалай берген. Айнагүлдің артында екі баласы қалды.