20.12.2025, 20:26
Оқылды: 39

Оралда аймақтық футзал турнирі басталды

Орал қаласында батыс аймағының мықты әуесқой командаларын тоғыстырған «Oral West Cup» турнирі басталды. Тәуелсіздік мерекесі мен Батыс Қазақстан облыстық футзал ассоциациясының 10 жылдығына арналған байрақты бәсеке екі күн бойы тартысқа толы ойындармен көрерменді қуантпақ.

ab14d2ca-a0bc-40ed-9330-dd5b1ab4aae6

Турнирдің ашылу салтанатында Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов, БҚО футзал ассоциациясының президенті Жасын Хабибуллин, сондай-ақ «Орал» спорт клубының директоры Орынбасар Ғилымов қатысты.

87fc696e-c00f-4e85-bb45-5e9d037602b8

– Футзал елімізде қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі. Халықаралық ареналардағы жетістіктер соның айғағы. Әуесқой футзал да жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бұл турнир жергілікті футзал ассоциациясының жүйелі жұмысының көрінісі. Барша командаларға сәттілік, жеңіс шын мықтыға бұйырсын, – деді Жандос Дүйсенғалиев.

8cfe8294-ab2e-4827-823b-0ae145326129

Салтанатты рәсімнен кейін жарыс көркін қыздырған алғашқы матч алаң иелері Орал мен Ақтөбе командаларының кездесуімен басталды. Алғашқы минуттардан-ақ ойын қарқыны жоғары болды. Қос команда да шабуылда ширақ қимылдап, турнирдің оңай өтпейтінін аңғартты.

4d91d1f8-bca3-4a08-8a9f-7dcbd22a19f1

Айта кетейік, турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына Орал қаласының әкімдігі қолдау көрсетті. Жарысты «Орал» спорт клубы мен жергілікті футзал қауымдастығы бірлесіп өткізуде. Ал қонақ командалардың жол, тамақ және қонақ үй шығындарын қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі толықтай қамтамасыз етті.

Алда жарыстың бір күні бар. Батыс аймағының қай командасы кубокты иеленеді? Жауабын алдағы күндері біле аламыз.

Арал Болпышұлы

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале