4.07.2017, 11:11
Оқылды: 43

Оралда Алаштың 100 жылдығына арналған ақындар айтысы өтуде

aitysАстана күні мерекесі қарсаңында Орал қаласында Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналған "Алаштың бағы - Азаттық!" республикалық ақындар айтысы басталды.


- Ұлттық код деп айтып жүрміз. Қазақ мұны "тек" деп атаған. Айтыс - ата-баба қанымен келген өнер. Сүбелі сөз бен орамды ойды өлең өзегіне арқау ететін ақындар елдің мұңын мұңдап, жырын жырлайды, - деді Жүрсін Ерман айтыстың ашылуында.

aytys 2Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгінов Елбасының "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" атты мақаласында атап көрсеткендей, ел тарихын ақындар жаңа көзқараспен жырлау керектігін, сондай-ақ қазіргі уақытта бірлік тақырыбын арқау етудің маңызды екенін айтты.

Сахнада Дидар Қамиев (Қарағанды), Иранғайып Күзембаев (Астана), Мұхтар Ниязов (Қызылорда),  Мейірбек Сұлтанхан (Астана), Жібек Шахмарданқызы (Алматы), Рауан Хайдаров (Павлодар), Жансая Мусина, Мұрадым Мирланов, Айнабек Бисенғалиев, Бауыржан Ширмединұлы (Орал), Өнербек Дəулекенов (Атырау), Дəурен Ақсақалов (Оңтүстік Қазақстан) сөз қағыспақ.

Қазылар алқасында белгілі ақын-жазушылардан Есенғали Раушанов, Бауыржан Халиолла, Қойшығұл Жылқышиев, Қалқаман Сарин, Ахметжан Өзбеков, Светқали Нұржан, Қонысбай Əбілов, Аманжол Əлтаев, Мереке Құлкенов, Амангелді Кеңшілікұлы, Жанарбек Əшімжан төрелік етуде.

Нұртай Текебаев

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале