12.10.2022, 11:01
Оқылды: 14

Оралда алғаш рет аорта қақпағының стенозы бар науқасқа ота жасалды

Оралдағы облыстық кардиология орталығында Ұлыбритания, Германия және Жаңа Зеландия елдерінен келген кардиохирургтар жергілікті хирургтармен бірге аорта қақпағының стенозы (TAVI) бар науқасқа ота жасады.

IMG_20221011_164459

Айта кетейік, бұл ота өңірде алғаш рет жасалды.

мед ота (3)

(Сурет: облыстық кардиология орталығынан)

Дәрігерлер мен хирургтардың Корольдік колледжінің және Еуропалық кардиология қоғамының мүшесі, Biosensors International бас медициналық маманы, ұлыбританиялық хирург Кейт Джон Олдройд, Biosensors International-дың  аймақтық директоры Симона Миндрут, клиникалық маман Йенс Роланд ота жасау тәсілін көрсетіп, шеберліктерімен бөлісті.

IMG_20221011_164546

- Өткен жылы ашық әдіспен жүрекке 200-ге жуық ота, биыл 9 айдың ішінде 178 ота жасадық. Дәл қазір шетелдік әріптестеріміздің көмегімен Оралда алғаш рет аорта қақпағының стенозы бар науқасқа ота жасадық. Бұл отаның ерекшелігі наркоз берілмейді, кеуде қуысын пышақпен кеспейді. Науқасқа анестезия жасалып, тек белгілі бір дене мүшесі ғана жансыздандырылады. Отада жамбас арқылы үлкен қан тамырға ине кіргізіп, қақпақты протезге алмастырдық Жасанды қан айналымы аппаратының да қажеті жоқ. Отаға біздің рентгенхирургтар пен кардиохирургтар қатысты. Мұндай медициналық процедураны өзіміз жасау үшін бір ғана шеберлік сағаты жеткіліксіз. Хирургтар мен көмекшілері де білімдерін жетілдіруі қажет. Оған дейін отаны тәжірибелі мамандармен бірге жасаймыз,- деді облыстық кардиология орталығының директоры Ақтілек Өмірбаев.

медота

(Сурет: облыстық кардиология орталығынан)

Сәтті өткен ота 1970 жылғы әйелге жасалды. Науқастың жағдайы ойдағыдай.

Осындай операцияларды жасау халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға, кардиохирургия мамандарының кәсіби біліктілігін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бермек.

 

Динара Насыр,

Суретке түсірген: Гүлмира Сәрсенғали

zhaikpress.kz

мед ота (2) медота

(Сурет: облыстық кардиология орталығынан)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале