24.01.2025, 22:00
Оқылды: 5

Оралда «AMANAT» партиясының отырысы өтті

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті.

3

Күн тәртібінде:

  1. Сотталып келген жастарды қоғамға, жұмысқа тартудағы Басқармалардың бірлескен қызметі;
  2. Білім беру ұйымдарын (мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, колледждер) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тиісті жабдықтармен жарақтандыру мәселелері қаралып, баяндамашылар тыңдалды.

Отырысқа кеңес мүшелері, облыстық басқармалар мен департамент өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңес отырысы «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Facebook парақшасында тікелей эфирде жүргізілді. Онлайн режимде отырысқа қатысушылар өздерінің сұрақтарын жолдап, құзіретті мекемелердің өкілдерінен жауап алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале