26.09.2024, 23:00
Оқылды: 19

Оралда «AQJAYIQ» телеарнасының 60 жылдығы аталып өтті

Бүгін өңіріміздің төл арнасы «AQJAYIQ» телеарнасының 60 жылдығына арналған «Ақжайықтың айнасына – 60 жыл» атты салтанатты жиын, мерекелік концерті өтті.

IMG_2679

Мерекелік шара арнаның 60 жылдығына арналған фотожинақтың тұсаукесерінен бастау алды.

IMG_2678

Фотожинақтың лентасын қию құрметі арнаның ардагері, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Баян Мұхамбеталиев пен арна ардагері, директор, редактор болып қызмет еткен Сара Набиуллинаға бұйырды.

IMG_2673 (1)

Салтанатты жиынның шымылдығын «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Еркін Нұрымбетов жетекшілік ететін Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі түрді.

IMG_2674 (1)

IMG_2666

Облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев «AQJAYIQ» телеарнасының ұжымын құттықтап, арнаның ардагерлері мен қызметкерлеріне салалық төсбелгі, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, облыс әкімінің алғысхаттарын табыстады.

IMG_2661

Аймақ айнасын Ақжайықтың ақ шағаласы, «Отан» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгереева құттықтау хат жолдады.

IMG_2665

Мерейтойға жиылған жұртшылыққа «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы БҚОФ директоры Клара Қамбетова әріптестерін құттықтап, бірқатар сала үздіктеріне «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлесітігінің атынан «Еңбек ардагері», Қазақстан Журналистер одағының атынан «Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелгілерін, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың Құрмет грамотасын, алғыс хатын және төл арнамен тұрақты байланыс орнатып, қолдауын көрсетіп жүрген демеушілерге мерекелік медальдарды табыс етті.

IMG_2668 (2)

Жиын мерекелік кешке ұласып өнердің өз адамдары Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншілері кеш көркін келтірсе, «Ақжайық арнасы» әнімен мерейлі кештің әдемі нүктесі қойылды.

Айжан Бауыржанқызы,

ҚР Журналистер одағының мүшесі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале