7.01.2025, 16:00
Оқылды: 31

Оралда ардагер ұстаз Асқар Ақышевтің кітабының тұсаукесері өтті

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда өңірімізге «Жүрекке жылы шақтарым...» атауымен белгілі ардагер ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «ҚР халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Асқар Ақышевтің кітабының тұсаукесері өтті.

5832bc45-ffb5-43a5-b4b1-b223d9205fba

Осы іс-шарада 40 жылға жуық ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнап, облыста алғашқы қазақ мектебінің ашылуына ұйытқы болған, ұзақ жыл бірне-ше мектепті басқарған ардагер ұстаздың жаңа кітабы жайында біраз мағлұмат айтылды.
– Осындай кітаптың жарық көргеніне мен өте қуаныштымын. Себебі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі соңғы кезде білімді, білікті мамандарды дайындау үшін бірнеше кезеңнен тұратын бағдарламаларды іске қосты. Кадрлық резервтің түлектерін даярлауға да көңіл бөліп жатыр. Бұл кітап сол жас директорларға, басшыларға нұсқау-лық ретінде үлкен көмек көрсетеді деп ойлаймын. Кітап өте сауатты, заманауи үлгіде, екі тілде жазылған. Білім саласында қызмет етіп жүрген мамандар үшін таптырмас құрал болары сөзсіз, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин.
«Жүрекке жылы шақтарым...» атты кітаптың тұсаукесеріне ардагер ұстаздың замандастары, әріптестері, шәкірттері ақ тілегін арқа лап келіпті.
– Бұл кітапта педагогикалық менеджменттің өзекті практикалық мазмұны баяндалады. Аутор 40 жыл мектеп басқарған кезде кедергілерді қалай еңсергенін фактілер негізінде, естеліктер және нақты адамдардың пікіріне, жеке тәжірибесіне сүйеніп тұжырымдаған. Соның ішінде ата-аналармен тығыз байланыс орнатуға, мектептің жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар туралы айтылған. Кітаптан ұстаздар мен шәкірттер, жалпы, оқырман қауым ой түйіп, жас мектеп басшылары ардагер тәжірибесін қажетіне пайдалана алады деген сенімдеміз, – деді облыстық ардагер ұстаздар кеңесінің төрағасы Өтебай Құспанов.
Кеш барысында аутордың өмірі мен еңбек жолы жайында «Ұстаздық еңбекпен өрілген 40 жыл» атты бейнеф-ильм көрсетілді.
– Біздің бүгінгі күні тұлға болып қалыптасып, өмірге кір­піш болып қаланғанымыз – ұстазымыздың берген тәлім- тәрбиесінен. Еңбек жолымда да Асқар Әшуұлымен әріптес болдым. Жеткен жетістікте­рім үшін сізге алғысты-мын. Жасай беріңіз, – деп ақ тілегін білдірді кеш иесінің шәкірті әрі кәсіпкер, меценат Владимир Акмайкин.
Аса көрнекті лирик, сыр шыл ақын Мағжан Жұмабаев өзінің бір еңбегінде: «Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдер­дікі» деп жазған екен. Яғни ұстаздар қауымының қай қоғам, қай кезең болмасын, алар орны, берер тәлімі, шығар биігі жоғары болмақ.

Жанерке Мерекеқызы,
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале