Бүгін Орал қаласындағы Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының фойесінде "Ашық әкімдік" шарасы өтуде.
Облыс әкімі Алтай Көлгінов, қала әкімі Мұрат Мұқаев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың басшылары мен құқық қорғау құрылымдарының өкілдері азаматтарды қабылдап, əр тұрғынның мәселесін тыңдап, сауалдарына жауап беруде.
Таңғы сағат 10.00-де басталатын шараға сағат тоғыздан бастап кезек алған тұрғындардың қарасы мезгіл түске таяса да саябырсымады.
"Ашық әкімдік" биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Өткен жылы бұл шара үш рет өткен болатын.
Ясипа Рабаева
Суреттерді түсірген
Динара Кендірбаева
zhaikpress.kz