Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының ғимаратында «Ашық әкімдік» бірыңғай қабылдау күні өтуде.
«Ашық әкімдік» бірыңғай қабылдау күні барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев және облыс әкімінің орынбасарлары, Орал қаласының әкімі, облыстық басқармалар және құқық қорғау органдары, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің БҚО бойынша өкілі, аумақтық департаменттер мен коммуналдық қызмет басшылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауда.
Бұл ретте, осындай шара барлық аудан орталықтарында аудан басшылығы, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қатысуымен жүзеге асырылуда.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі