25.05.2025, 18:00
Оқылды: 609

Оралда Асқар Шайхиевті еске алу турнирі басталды

Орал қаласында самбодан Әлем Чемпионы, Әлем Кубогының иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Тастайұлы Шайхиевты еске алуға арналған дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында республикалық турнир басталды.

TME00636

Қысқа ғұмырында Жайық өңірінің ғана емес, ел спортының дамуына сүбелі үлес қосқан тұлға есімін ұлықтауға арналған жарысқа еліміздің барлық аймағы мен көршілес Ресей Федерациясынан келген 300-астам спортшы қатысып жатыр.

MAKE0056
Ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, аға ұрпақ өкілінің ерлігіне тағзым ету, дарынды спортшының жеңісті жолын жалғастыруды мақсат еткен палуандардың бәсекесінің ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясының атқарушы директоры Әйбек Имашев, БҚО дене шынықтыружәнеспортбасқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, Дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ересектер арасында елімізден шыққан тұңғыш әлем чемпионы Максим Раков, Дзюдодан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ересектер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев, Шайхиевтер отбасының досы, Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының директоры Рысбек Қадырбек және БҚО дзюдо федерациясының президенті Рустам Шайхиев қатысты.

c903a894-62b3-4e8c-bc73-9b767aa069f6
- Өңірде дзюдо күресіне деген қызығушылық жоғары. Қазіргі таңда 6-мыңнан астам жас осы спорт түрімен айналысады. Асқар Тастайұлы әлемнің әр нүктесінде көк туымызды желбіретті. Жайық жағасында жалауы желбіреген турнирге келген спортшылар сол Асқар ағамыздай ел намысын бермейтін палуан, ел қамын ойлаған азамат болады деген ойдамыз, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.
Одан соң Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясының атқарушы директоры Әйбек Имашев пен Шайхиевтер отбасының досы, Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының директоры Рысбек Қадырбек сөз алып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

MAKE0003 2
Сондай-ақ бәсеке басында Мұратбек Қайырсапаұлы, Талғат Асқарұлы, Мейрамбек Ерболатұлы, Ермек Мәлікұлы сынды азаматтар Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясының алғысхаттарымен марапатталды.
Жарыс мамырдың 26-сы аяқталады.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Суреттерді түсірген: Мейірбек Тажқұранов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале