25.01.2023, 18:29
Оқылды: 43

Оралда әскери қызметшілер арасында волейболдан жарыс басталды

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің базасында әскерилер арасында волейболдан жарыс бастау алды. Өткізіліп жатқан спорттық бәсекеде Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Орал гарнизондарынан келген жеті команда – барлығы 70-ге тарта спортшы бақ сынауда.

IMG-20230125-WA0047

Спорттық жарыстың ашылу салтанатында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы полковник Нариман Акбаров сөз сөйлеп, әскери қызметшілердің арасында спортшылардың шеберлігін шыңдау өте маңызды екенін айтты.

IMG-20230125-WA0050

Сонымен қатар қатысушыларға сәттілік тілеп, спортпен тұрақты айналысып, салауатты өмір салтын орнықтырудың маңызын атап көрсетті.

Ойын алаңына алғашқылардың бірі болып, Орал қаласының 5517 әскери бөлімінің командасымен Жаңаөзен қаласының 5548 әскери бөлімінің волейболшылары шықты. Алғашқы минуттарда Орал қаласының командасы шабуылдарын үдетіп жойқын соққылар жасап, есепті еселеп алды. Деседе Жаңаөзендіктер де қарап қалмады, ойын тізгінін өз иеліктеріне алған олар қарсылас команданың қателіктерін ұтымды пайдаланып есепті теңестіре білді. Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда қос команданың ойыншылары барларын салып ойнады. Алайда шапшаң қимылдаған Орал командасының айы оңынан туып жеңіске жетті.

IMG-20230125-WA0049

– Біздің командамызда 8 ойыншы, олардың барлығын мықты деп айта аламын. Алғашқы ойынымызды Жаңаөзен қаласынан келген 5548 әскери бөлімінің командасымен өткізіп жеңіске жеттік. Біз бұл жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Осы жарыста жеңімпаз атанып, Ұлттық ұлан біріншілігіне жолдама алсақ деген жоспарымыз бер,- деді команда капитаны Сұлтанбек Камалов.

 

Волейбол – ептілікпен шапшаңдылықты талап ететін ойын түрі болып табылады. Қазіргі таңда Ұлттық ұлан әскерінде осы спорт түріне қызығатын әскери қызметшілердің саны жыл санап артып келеді. Өткізіліп отырған жарыс үш күнге жалғасады. Осы жарыста жеңіске жеткен құрама ақпан айында өтетін Ұлттық ұлан біріншілігіне жолдама алатын болады.

Айта кетейік жарыстың финалдық кезеңі ағымдағы жылдың 27-ші ақпанында өтетін болады.

 

Ертуған Әубакир,

Капитан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале