9.10.2021, 0:40
Оқылды: 33

Оралда «Атамекен» өнер ордасы ашылды

Кеше Орал қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Атамекен» өнер ордасының ашылу салтанаты өтті. Жиынға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен облыс әкімі  Ғали Есқалиев қатысты.  Сонымен қатар салтанатты рәсімге ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Бибігүл Асылова,  ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын А.Бақтыгереева, Қазақстанның Еңбек Ері, скрипкашы Айман Мұсақожаева, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Біржан Хасанғалиев және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының делегациялары қатысты.

770BAF67-9D82-4A0B-B968-42BB4D470F84

3D67272E-B7E5-4948-B88B-08FCB277D4F2

Ералы Тоғжанов жиналған қауымды жаңа өнер ғимаратының ашылуымен құттықтап,   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес елімізде әлеуметтік салада көптеген іс-шаралардың қолға алынғанын атап көрсетті. Ақ Жайық өңірінде де бірқатар шаруалар атқарылуда. Соның бірі - осы «Атамекен» өнер ордасының салынуы. «Алыстан қарағанның өзінде жүрегіңді баурап алатын осындай еңселі ғимараттың бой көтеруі – Тәуелсіздігіміздің арқасы. Егемендіктің арқасында қазақтың салт-дәстүрі жасампаздықпен жаңғыруда.   Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде Оралда Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы сынды көрікті ғимараттар бой көтерді. Осының бәрі – елдіктің, бірліктің, әз Тәуелсіздіктің арқасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастап, халқымыз қолдап, бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өнері өркендеген елдің озатынын айтқан болатын. Осындай өнер ордасы арқасында елдің рухы көтеріледі, намысы асқақтай түседі», - деді Е. Тоғжанов.

4AAC53B2-D9FF-4374-A1B1-6ADD7F62C6E0

Өңірдегі зиялы қауым өкілдері атынан  ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгереева құттықтады.

  Александр Затаевичтің «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» дегеніндей, Ресей жағынан келетін жолаушыларға сол әнді тамсындыра салатын Жайық елі болса керек. Біздің жерімізде ұлы Құрманғазы күйшінің ізі жатыр. Егер Құрманғазыға еуропалық музыкалық білім берсе, Бетховен, Паганинилермен қатар тұрар еді-ау деп армандаған   баяндамаларды да тыңдадық. Егемендіктің арқасында ұлы дала ұл-қызының даусын күллі әлем естіді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне жазушы Әбіш айтқандай, қазақтың Венасы атанған Оралда осындай салтанатты өнер орталығының ашылуына жеттік. Бүгін – талай адамның арманы орындалған күн. Жас ұрпақтың ертеңге қанат самғауына, өнер көгіне шығуына осы өнер ордасы ықпалын тигізсін, құт сарай болсын,    деді А. Бақтыгереева.

46D1428A-5CF8-4FDA-B965-A641C67C14A4

«ҚПО б.в.» компаниясының бас директоры Джанкарло Рую да  жұртшылықты мәдениет сарайының ашылуымен құттықтады. Бұдан кейін  жаңа ғимараттың тұсаукесер рәсімін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева, Қазақстанның Еңбек Ері, скрипкашы Айман Мұсақожаева жасады. Қонақтар өнер ордасының ішін аралап көрді.   ҚР Күйшілер одағының төрағасы Асқар Кенжеғалиев жүргізетін АҚШ-тағы балаларға онлайн домбыра үйрету сабағы, Нидерланд, Италия және Батыс Қазақстан қылқалам шеберлерінің көрмесі мен музей көрмесі көрсетілді. Бірінші қабат фойесінде скрипкашылар ансамблі орындаған саз ырғағымен мың бұралған бишілер   Вена биін биледі. Бұл нысан «ҚПО б.в.» компаниясының әлеуметтік инвестициялары есебінен салынды. Жобалық құны – 9,5 млрд жуық теңге. Бас мердігер - «Альтаир» ЖШС. Құрылыс жұмыстары өткен жылғы маусым айында басталып, уақтылы тапсырылды. Жалпы ауданы 20 мыңға жуық шаршы метр болатын үш қабатты ғимараттың акт залы 926 адамға есептелген. Бұдан басқа көрме залы, 50 адамға шақталған жиналыс залы, 25 адамға арналған конференц-зал, кафе, дайындық залы  бар.

1B5B9676-460B-49A2-906F-6E073881322F

Өнер ордасының ашылуына орай ұйымдастырылған концерт Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі орындаған Құрманғазының «Серперімен» ашылды. Залдағы жиналған қауым алдында облыс әкімі құттықтау сөз сөйледі.

36108CBA-FADD-45A0-9D34-EBFD0BC92A0E

C5AB3689-0F8B-4D53-9677-58D0DBC672FE

-Салтанатты жаңдайда ашылған сәулет өнерінің тамаша туындысы «Атамекен» өнер ордасы  – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тамаша тартуымыз.Туған еліміздің тұғыры берік, халқымыздың мәртебесі асқақтай берсін деп «Атамекен деген атадық. Бұл атау өңіріміздің дамуына еңбегі сіңген зиялы қауым өкілдерінің ұсынысымен қойылды. Өнер  шаңырағының Тұңғыш Президент алаңында бой көтеруінің символикалық мәні бар. Өйткені ел Тәуелсіздігін баянды етуге Елбасының сіңірген еңбегі ұшан-теңіз екені  баршамызға белгілі. Сән-салтанаты келіскен өнер ордасы  ұлтымыздың руханиятына қосылған тамшыдай болса да қосылған үлесіміз деп есептейміз. Осы залда отырған аға буын өкілдері 90-жылдардағы қиындықтарды жақсы  біледі. Ішер ас, киерге киім болмай, халқымыз уайымға батты. Ертеңіміз қалай болады деген  күмәнді сауалдар алдымызда тұрды. Сол қиындықтарды абыроймен еңсеріп, инфрақұрылымдарды жасауды қолға алдық. Нәтижесінде өнеркәсіп дамыды, шаруашылықтар шаруасын түзеді, кәсіпкерлік саласы сапалы деңгейге  көтерілді. Соған сәйкес халықтың тұрмысы да  халықтың жыл өткен сайын жақсаруда. Ауыл-аймақтарға газ, су, жарық, жылу жетті.  Жаппай жаңа үйлер салынды. Әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Ол    үздіксіз жалғаса беретін жұмыс. Осы жұмыстармен қатар рухани негізімізді нығайту жұмыстарын назарда ұстап отырмыз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында: «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру, жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныстыра алады»,     деп атап өтті. Бұл бүгінгі зиялы қауымның иығына артылатын жүктің салмақты екенін көрсетеді. Зиялылық классикалық білім алумен шектелмейді. Оның негізінде музыка, өнер, кітап оқу – бір сөзбен айтқанда өнер мен мәдениеттің мәйегі  жатуы тиіс. Руханиятқа салынған қаржыны болашаққа салынған кірпіш ретінде түсіну қажет. Мәселен, осыдан 20 жыл бұрын Ел Тәуелсіздігінің 10  жылдыған орай Оралда бұрын-соңды болмаған сәулеттік үлгіде қазақ драма театры ғимараты салынды. Өнерге  шөлдеген халықтың шөлін басты. Бүгінгі ашылған еңселі өнер ордасы    сол ізгі бастаманың заңды мұрагері, – деді Ғали Нәжімеденұлы. Сондай-ақ облыстағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы тұрақты қолдауы үшін «ҚПО б.в» компаниясына, Қазақ драма театры мен жаңа өнер ордасының құрылыстарын жүргізген «Альтаир» ЖШС-ға алғыс айтты.

3E762427-23EE-42F8-847B-16AE82B434F5

Концертте скрипкашы Айман Мұсақожаева, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Біржан Хасанғалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Дина Хамзина, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Елена Низамутдинован, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанна Орынбасарова  және басқа да өнер майталмандары өнер көрсетті.

8C030A45-8E37-4226-855E-812AA707674F

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале