БҚО Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері БҚО ҰҚҚК-мен бірлесе отырып ағымдағы жылғы 28 қыркүйекте Орал қаласына кірген Ауғанстанның 11 азаматын ұстады, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Олардың құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасының мерзімінен асып кеткені анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, екі Ауғанстан азаматы бұрын Қазақстан Республикасы аумағынан күштеп шығарылғаны белгілі болды. Олар Орал қалалық ПБ қабылдап-тарату орнына орналастырылды.
Қазіргі уақытта шетелдік азаматтарға қатысты Батыс Қазақстан облысының аумағында болу себептерін анықтау мақсатында тексеру шаралары жүргізілуде.