10.01.2025, 18:00
Оқылды: 41

Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді

Қарулы күштердің 99250 әскери бөлімінің жаңа нысандарының салтанатты ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштерінің Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

 

IMG_20250110_155632

IMG_20250110_155932 (1)

Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов бұл оқиғаның жауынгерлік дайындықты арттырудағы және елдің қорғаныс қабілетін нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

– Бүгін біз Президенттің қорғаныс ведомствосының инфрақұрылымын жетілдіру туралы тапсырмасының қалай орындалып жатқанына куә болып отырмыз. Аумақтық қорғаныс мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды қамтамасыз етуге арналған әскери ұйым жүйесінде маңызды рөл атқарады. Бригада объектілері құрылысының бірінші кезеңінің аяқталуы – біздің министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың тығыз ынтымақтастығының нәтижесі, – деп атап өтті ол.

Жаңа нысандардың ашылуының белгісі ретінде іс-шараның құрметті қонақтары лентаны кесіп, жаңа ғимараттарды аралап шықты.

IMG_20250110_161028

Бастапқы кезеңде әскери бөлімнің штабы, екі казарма, бақылау-өткізу пункті, саптық плац және кіреберіс жолдар пайдалануға беріліп отыр.

IMG_20250110_160617

Аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Расул Закиров хабарлағандай, кейін оқу және спорт корпустарын, асхана мен клубты, қоймаларды салып, техникалық аумақты жайластыру көзделіп отыр.

IMG_20250110_163427

 

IMG_20250110_162604

IMG_20250110_162737

Сондай-ақ, аумақтық қорғаныс бөлімшелері арасындағы жауынгерлік жарыстың қорытындысы бойынша 99250 әскери бөлімі екі жыл қатарынан бірінші орынды иеленіп келеді. 2024 жылдың көктемінде Батыс Қазақстан облысының аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылды. Табиғи апатқа қарсы күресте бөлімнің жауынгерлері ауыр жұмыс атқарып, құм салынған қаптардан бөгет тұрғызды. Эвакуация кезінде халыққа көмек көрсетті. Дәл осы сындарлы кезеңде әскери қызметшілердің халықпен бірлігі ерекше көзге түсті.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале