Бүгін Оралдағы М.Ықсанов көшесінің бойында маусымдық көкөніс-бақша өнімдерінің 2018 жылдағы соңғы жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге Бөкейорда, Жәнібек, Зеленов, Теректі аудандарының, сондай-ақ қала жанындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қайта өңдеу кәсіпорындары және ірі көтерме тауар жеткізушілері өнім ұсынды.
Айта кетсек, сиыр еті 1300-ден, жылқы еті 1400-ден, картоп пен пияз 50-60 теңгеден, сәбіз бен орамжапырақ 80 теңгеден сатылды.
Жәрмеңкеде барлығы 26 бас сиыр еті, 6 бас жылқы және қой еті, 35 т. картоп, 17 т. пияз, 10 т. қырыққабат, 10 т. сәбіз, 3 т. қарбыз, 1 т. қауын, 19 мың дана жұмыртқа сатылды.
Zhaikpress.kz