19.03.2023, 13:25
Оқылды: 23

Оралда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда

Бүгін Орал шаһары орталығындағы М.Ықсанов көшесі бойында және Зачаган кетіндегі "Жәңгірхан" сауда үйінің алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда.

ярмарка

Аталған жәрмеңкеге өңірдің 40 шақты жеке кәсіпкер қатысып, өнімдерін жеңілдетілген бағамен ұсынуда.

Атап айтқанда, ет және ет өнімдері, құс еті, бал түрлері, балық, пияз, сәбіз, қырыққабат секілді көкөніс түрлері, ұн және ұн өнімдері саттыққа шығарылған.

ярмарка (2)

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында өткен маңызды сайлауға барып, өз таңдауларын жасап шыққан қала тұрғындары жәрмеңке аралап, күнделікті қажетті тауарларын арзандатылған бағамен алуда.

ярмарка (1)
- Өзім осы Зашаған кентінде тұрамын. Үйге жақын орналасқан мектепке барып, өзім таңдаған үміткерге дауыс бердім. Енді міне жәрмеңкеге келіп, керек-жарағымды алдым. Бағалары да көңілге қонымды екен. Табиғи сары май мен қаймақ, айран-көже де алдым. Немерелерім қуанып қалары сөзсіз, - дейді зейнеткер Ұлбосын Ғабдушева.

ярмарка (3) ярмарка (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале